Бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленбеген…

01.02.2021

2021 жылдың 1 ақпанында біздің оқу орнымыздың қабырғалары алғаш рет 9 және 11 сыныптардың жақында бітірген түлектері - бірінші курс білім алушыларын қарсы алды, олар үшін оқу процесі коронавирустық инфекцияның таралуының алдын-алуға байланысты шектеу шаралары кезінде тұрақты режимде ұйымдастырылды. Бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» (2020 жылғы 28 желтоқсандағы №548 өзгерістермен) бұйрығы және «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК 2021 жылдың 11 қаңтар күнгі № 14 «Оқу процесін ұйымдастыру туралы» бұйрығы негізінде 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру», 1508000 «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы», 1513000 «Ветеринария», 1502000 «Агрономия», 1510000 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», 0518000 «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша 2020-2021 оқу жылының 147 білім алушыларына сабаққа «алғашқы қоңырау» соғылды. Санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, оқытудың штаттық режимін іске асыру үшін колледж қажетті жағдайларды жасады, атап айтқанда:

• аудиториялардағы сабақтар бетперде режимін ескере отырып, аудиторияны 15 адамнан артық толтырмаған кезде кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтай отырып жүргізіледі;

• әр түрлі мамандықтарға арналған сабақ қоңырауларының кестесі белгілі бір уақытта, сабақтар арасында 10 минутқа және түскі үзіліске 30 минутқа үзіліспен жүзеге асырылады;

• сабақ ұзақтығы 45 минут, күн сайын төрт сабақ өткізіледі;

• колледждің медицина қызметкері және топ жетекшілері оқу орнына кірген кезде білім алушылардың, сондай-ақ жұмысты штаттық режимде жүзеге асыратын педагогтер мен колледж қызметкерлерінің температурасын күн сайын өлшеп отырады;

• санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы білім алушылардың, педагогтардың, өндірістік оқыту шеберлерінің, басқа да қызметкерлердің, ата-аналардың (заңды өкілдердің) қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді;

• бөлім меңгерушілері күн сайын білім алушылардың денсаулығына мониторинг және бақылау жүргізеді;

• дене шынықтыру сабақтары таза ауада немесе спорт залдарын үнемі желдетумен ұйымдастырылады.

• түшкіру және жөтелу кезінде пайдаланылған бетперделерді, қолғаптарды, сулықтарды кәдеге жарату үшін арнайы орындар ұйымдастырылды, санитарлық тораптарды пайдалануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, әрбір 2 сағат сайын өңдеу жүргізіледі, дәліздерді және оқу аудиторияларын ылғалды жинау, желдету, кварцтау жүргізіледі.

Жатақханада тұратын білім алушылар үшін коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты санитарлық-эпидемиологиялық шектеу шаралары жасалды. Колледждің өз қаражаты есебінен бірінші курс білім алушылары үшін әр уақытта асханада 150 орындық ыстық тамақ ұйымдастырылған, ол жеке және қоғамдық гигиенаның барлық қажетті нормаларын сақтай отырып жүзеге асырылады. Білім алушылардың өздерін қауіпсіз сезінуі үшін, ал ата – аналар бізге ең қымбат нәрсе - өз балаларын сенуі үшін оқу орнының ұжымы көп жұмыс атқарды. Бүкіл ел үшін қиын уақытта бізді жыл бойы жібермей отырған коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін өзімізді және жақындарымызды қорғау керек. Мұны біз барлық қажетті санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бәріміз бірге жасай аламыз. Біздің бірінші курс білім алушыларымыз үшін әр күн жарқын, есте қаларлық, жемісті болып, тек оң нәтижелерге, жаңа тәжірибеге және керемет көңіл-күйге толсын!



Текст
Виртуальная приемная